Қазақ қызының тағдыры алаңдатады

Қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу қыздары көздері бояу қыз­дарға айналып бара жатыр! Халқымыз қыздардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Қыз үйде, қылығы түзде», «Жақсы қыз екі жаман баланы құрайды», «Қыз­ға қырық үйден тыйым» деген мақал-мәтелдер осының айқын дәлелі. Ата-бабаларымыз қызды жат жұрттық деп, барынша ізетті, сыпайы, инабатты, ибалы, мейірім­ді де қайырымды, қылықты да қырмызы болуын әрдайым қадағалап отырған.90960_watermark_12_12_rightbottom
Сонымен қатар, қазақ халқы қыз баланың әдет-ғұрып, салт-санасына үлкен мән берген. Қызға қырық үйден тыйым салып, отбасылық өмірге жастайынан тәрбие­леген. Қыз баланың абыройының төгілуі, бүкіл ру, халқына қара таңба, дақ ретінде қабылданған. Ал қазір ше? Қазір бәрі басқаша әрі жоғарыда айтылғандарға мүлдем кереағар. Заман өзгерді ме, әлде заман емес, адам өзгерді ме, ­әйтеу­ір, «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ, сонау ХІ ғасырдың өзінде Мөңке би болжап кеткен «қарап тұрған жігітке қыз артылған» ақырзаман орнағандай… «Қазақ қызы – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі қыз.
Қазақ қызы – бар тілегін перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан қыз. Қазақ қызы– бар бақытын некелі ерін сыйлап, отбасының түтінін түзу шығарған әлемдегі ең адал қыз. Ұлттың ұйыт­қысы, ұрпақтың анасы. Солай болған, солай бола беруге тиіс. Неге десеңіз, бұл қыздың бойында сиқыр­лы, құтты, өзгеше қасиет бар, оның аты – сұлулық: жан сұлулығы, тән сұлулығы… Ол рас, «әлемдегі ең сұлу – Қазақ қызы», –  деп Мұхтар Мағауин айтып кеткендей, боянсақ та иманымызды, қарапайымдылығымызды жоғалтпайық!
Сөз соңында «иманы бар ибалы қыздар ғана ертең елдің айналар анасына» дегім келеді.
 
Гүлдана ӘБДІБАЕВА,
ҚМУ-дің 1 курс студенті.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓