“Мәриям, Ілияс”
Қойылымға негізінен Қазақстанның Халық ақыны Мәриям Хакімжанованың қайғы-мұңға толы өмірі мен шығармашылық жолы арқау болған.
Алғашқы күйеуі Сер-ғали "халық жауы" атанып, атылып, екінші рет тұрмыс құрады, ол да қызылдардың қырғынына ұшырайды.
Бір қасіреттен соң бір қасірет туындап, небір зұлматты бастан кешірсе де қайтпас-қайсар Ана шиеттей жеті жетімді асырап өсіреді. Сондай қиын-қыстау кезеңде кезінде өзі апалық мейірімін білдіріп, ақыл-кеңесін берген Ілияс Омаров қол ұшын созады….
Зәбір – жапа шеккен ақын қыз Зияш Қалауова да, революционер қыз Алма Оразбаева да Мәриямды паналайды…
Жалпы қойылымда жеке басқа табыну күшейіп, асыра сілтеу асқынып тұрған замандағы қазақ әйелдерінің қайғы-қасіреті көрініс тапқан.