Сертификат табысталды

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде кезекті екі айлық сауат ашу курсы аяқталды. Аталмыш курста тәлім алған шәкірттер «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Тәджуид» пәндерінен білімдерін жетілдіріп шықты. Бұл туралы ҚМДБ Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.DSC_0327
Айта кетейік, тәлім алушылардың көбі күнгейдегі Арқалық, Амангелді өңірлерінен келгендер. Олардың арасында, тіпті, білім жолында екі айға отбасы, бала-шағасын қалдырып келгендері де бар. Сауат ашу курсында мешіттің наиб имамдары Мейрамбек Жетесов, Нұрлан Сейдағалиев, Бақберсін Ізбасаров, Дархан Қосылбаев мерзімге сай толық дәріс оқып шықты. Екі айлық сауат ашу курсы барысында шәкірттер мешіт асханасында  үш мезгіл тегін тамақтанып, тегін жататын орынмен қамтамассыз етілді.DSC_0330
         Қасиетті жұма күні «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов түлектерге арнайы сертификаттарды салтанатты түрде табыс етіп, батасын беріп шығарып салды. «Алған білімдеріңізді барған жерлеріңізде пайдалы жұмсап, Ислам дінінің өркендеуіне зор үлес қосасыздар, жамағаттың имандылыққа бет бұруына үлкен септік тигізесіздер деген сенімдеміз», – деді құттықтау сөзінде Шоқан қажы Ғазизұлы.
               
         Қ.ҚИЫСХАН

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓