Тәртіп – басты назарда

Кезекті жұмыс сапарымен келген Қостанай облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Е.Файзуллин қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, 2015 жылы қолданыс-қа енгелі отырған ҚР-ның Қылмыстық Кодексіне енгізілгелі жат-қан өзгерістермен бөлісті. Жаңа заң бойынша бұған дейін ұсақ құқық бұзушылық саналып келген әкімшілік құқық бұзушылықтар бас бостандығынан айыру қылмыстарына теңестірілмекші.
f0ff3054-349e-4455-af42-e523e41d0a06_s Ерлан Жұмәділұлы полиция қызметкерлерімен болған кездесуде қызметтік ішкі тәртіп мәселесіне баса назар аударды. Тәртіп сақшылары қызметтік құқықтарын асыра пайдаланбауы керек. Соңғы кезде елімізде тәртіп сақшылары арасында өздеріне бекітіліп берілген қызметтік қаруға немқұрайлы қарау, қызметтік киіммен ұйықтап қалу сияқты түрлі келеңсіз жағдайға ұшырау фактілері жиілеп кеткен.
Ол жаңа тағайындауды таныс-тырды. Қалалық ішкі істер бас-қармасы басшысының орынбасары болып, бұған дейін осы бөлімде бөлімше басшысы бол-ған, полиция майоры Ә.Таткенов тағайындалды.
 Кездесуде Арқалық қалалық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Т.Жанқылышев ағымдағы жылдың 9 айының қорытынды есебін жасады. 
 Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Досжанов сөз алып, жас қызметкерлердің тәртібіне тоқталды. Бүгінгі таңда ішкі істер қызметкерлерінің қатарын толықтырған жастардың тәрбиесімен бөлімнің 12 қызметкері айналысады.
Сапар барысында Е.Файзуллин қалалық ішкі істер бөлімінің ішінен жаңалықты ашылған "Полиция даңқы" мұражайында болып, одан әрі бөлім орналасқан ғимараттың құрылымымен та-нысты.
Мұрат
       ЖҮНІСҰЛЫ
 Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓