КСК шағын ауданы ауыз сусыз қалды
КСК шағын ауданының Қайырбеков пен Киевская көшесінің қиылысында 23-маусымның түнгі сағат 2.00 шамасында су құбыры жарылды. «Қостанай су» коммуналдық мекемесінің жұмысшылары дереу жөндеу жұмыстарын бастап кетті. 2 тәулік бойына жарылған құбырдағы ақауды жоюға күш жұмылдырылып отыр. Апат салдарынан шағын аудан тұрғындары ауыз сусыз қалды. Коммуналдық кәсіпорын аулаларға су әкелуді де қолға алды.
«Қостанай су» коммуналдық кәсіпорынының бас инженері Афанасий Нам қазір жөндеу жұмыстарының аяқталуға жақын екенін айтты. Аталмыш су құбыры Московский су ағарына жатады. Қазір құбыр жарығы жамалды. Енді жуып-шайылып, хлормен тазартылмақ. Содан кейін ғана шағын аудан толығымен ауыз сумен қамтылатын болады.
Махаббат Бекбай