18 миллиард теңге субсидия бөлінді

Бұл сома өткен жылғыдан 2,2 млрд-қа көп. Өсім 14%-ды құрайды.Бык
Өңірдегі АӨК-нің даму ауаны мемлекеттік қолдау арқасында қарқын ала түсуде. Қазынадан қарастырылған 18 млрд. теңге субсидияның  12,6 миллиарды өсімдік шаруашылығына жұмсалады. 4,1 млрд.теңге – мал шаруашылығына, қалған 1,3 млрд-ы өзге де бағдарламалардың игілігіне жаратылмақ. Бүгінде облыстық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілеріне, мал шаруашылығы бағдарламасы бойынша, 1 млрд. 68 млн.теңге төленген. Бұл соманың 242 млн.-ы асыл тұқымды мал өсіруге және 826 млн.теңгесі өнімдерге шығындалмақ.
Ағымдағы жылдың маусым айында, қаржыландыру жоспарына сәйкес, субсидияның тағы 378 млн.теңгесі үлестіріледі деп көзделуде. Оның 200 млн.теңгесі – мал шаруашылығы өнімдеріне, 178 млн.теңгесі – асыл тұқымды түлік басын көбейтуге бағытталады.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓