Д.Абаев: “Қазіргі нұсқа барынша тиімді”

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев үкімет отырысында латын графикасындағы қазақ әліпбиінен не үшін апострофтың алынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Today.kzабаев
"Осы бағытта жұмыс істеген мамандардың көкейінде сұрақ туды. Апостроф дегеніміз – арнайы белгі, ажыратушы. Бұл іздеу жүйелерін, алгоритмдерді қиындатады. Мемлекет басшысы мамандардың, соның ішінде IT саласы мамандарының пікірін тыңдады. Бұл Президенттің маңызды стратегиялық шешім шығарарда қоғам пікіріне құлақ асатынын дәлелдейді. Әліпбидің қазіргі нұсқасы барынша тиімді", – деді министр. 
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізді

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓