Хал үстіндегі кәсіпорын

Лисаковтағы картон қағаздарын өндіру кешені осыдан екі жыл бұрын іске қосылған-ды. Өткен жылы кәсіпорын жалпы сомасы 134,8 млн. теңгені құрайтын өнім шығарды. Биыл өндіріс қарқыны қуат ала түседі деп алдын ала күтілген еді. Алайда, кешен жұмысының ауаны күрт саябырлап кетті.КБК
Бірнеше себептер қолбайлау болды. Солардың бастысы – жетекшілер менеджментінің әлжуаздығы. Кесірі өндіріс ісінің тұралауына соқтырды.
Қазіргі уақытта, «Тобыл» ӘКК қайта қаржыландыруы арқасында, кәсіпорынның «тамырына қан жүгіре бастады». Атап айтқанда, өтеусіз қалып келген 11 млн. теңге көлеміндегі еңбекақылар төленді. Кәсіпорын мейлінше оңалдырылу барысында. Қаржылық-шаруашылық әлеуетін қалыпқа келтіру жолдары жан-жақты қарастырылып жатыр.
 
Жандос Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓