Өңір өрісін толтыра түспек

Биыл облыс «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5892 бас асыл тұқымды мал сатып алады. «Құлан», «Алтын-астық», «Ырыс» бағдарламалары арқылы да 10 мыңнан артық түлік басы Тобыл өңіріне әкелінбек.КРС
Әзірге, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша облыс 490 бас ІҚМ сатып алған. Аграрлық несие корпорациясының қарауында қазіргі уақытта 18 өтінім жатыр. Мақұлданса, тағы 1340 ірі қара әкелінбек.  Ал, «Құлан» бағдарламасынан сатып алынуы керек 2000 бастың бүгінде 891-і облыс өрісіне әкеп қосылған. Таяуда тағы 905 бас облыс шаруаларының меншігіне өтпек.
«Алтын-астықтан» да 1704 бас алынып, тағы 202 түлік басына берілген өтінім қаралу үстінде.
«Ырыс» бағдарламасынан игілік көргісі келіп отырған – әзірше, тек қарабалықтық шаруалар. 105 бас ІҚМ сатып алуға өтініш беріп қойған. Ал, жалпы, облыс бойынша 1500 бас әкелінуі керек деген жоспар бар.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓