Бас редактор – жүлдегер!
Облыстық «Қостанай таңы» газетінің Директор-бас редакторы Жанұзақ Аязбеков Толмачев атындағы жүлдені иемденді. Айтулы шара Алматы қаласында ұйымдастырылды. «Tengrinews.kz» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, салтанатты шара Қазақстан шығармашылық одағының Конфедерациясында Олжас Сүлейменовтың басшылығымен өткен.
Геннадий Толмачев атындағы жүлденің осымнен тоғызыншы рет беріліп отырғанын айта кеткен жөн. Осы уақытқа дейін атаулы жүлдені отандық басылымдардың 18 басшысы иемденіпті. Ал, биылғы жүлде «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков пен «Огни Алатау» басылымының басшысы Атсәлім Игитовке бұйырған.
Облыстық «Қостанай таңы» газетінің ұжымы Жанұзақ Аязбекұлын мәртебелі марапатымен құттықтайды және журналистика саласында тың ізденістерге, жақсы нәтижелерге жете беруіне тілектестік білдіреді.
Облыстық «Қостанай таңы» газетінің ұжымы Жанұзақ Аязбекұлын мәртебелі марапатымен құттықтайды және журналистика саласында тың ізденістерге, жақсы нәтижелерге жете беруіне тілектестік білдіреді.