Соңғы қоңырау 1 маусымға ауыстырылды
Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының соңғы қоңырауын 1 маусымға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы министрліктің Орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова Facebook-парақшасында жазды.
Министрлік өкілдері Amanat партиясы атынан сайланған мәжілісмен Аманжол Әлтаевтың депутаттық сауалына жауап бере отырып, Қазақстандағы оқу жылының ұзақтығы 36 апта болатынын айтты. Бұдан былай алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте соғылып, оқу 31 мамырда аяқталады.

"31 мамыр – оқу жылының соңғы күні. Бұл дата мерекелік күн саналмайды. Ол күні ел мектептерінде, оқушылардың жас деңгейіне сәйкес, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған сыныптан тыс сағаттар өткізіледі. Ал 1 маусымда еліміздің оқушылары соңғы қоңырау мерекесін халықаралық Балаларды қорғау күнімен бірге атап өтеді", – деп жазды Кәрімова.
Жазғы демалыс мерзімі өзгеріссіз қалады, яғни оқу күндері көбеймейді, ал демалыс уақыты азаймайды. Қазақстандық оқушылар 170 күн оқиды. Жалпы каникул ұзақтығы – 195 күн.
Бұған дейін депутат А.Әлтаев соңғы қоңырауды 31 мамыр емес, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен қабаттастырмай, басқа күнге ауыстыруды сұраған еді.