Құрылыс аяқталуға жақын

Қостанайда істен шыққан ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдейтін утильдеу хабы салынып жатыр. Бұл жобаның бастамашысы – "AutoRecycling" ЖШС.
Жаңа жобаны жүзеге асыруға 5,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Іске қосылса, жылына тозығы жеткен 5,5 мың ауыл шаруашылығы техникасын қабылдауға қауқарлы болады. Сондай-ақ, өнеркәсіп нысанында 95 жаңа жұмыс орны құрылмақ.  
Нысан құрылысы 2020 жылы облыс орталығындағы Индустриялық аймақта басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Жоспарға сәйкес, алдағы желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде ресми түрде ашылуы тиіс.
Көнетоз көліктерді кәдеге жаратумен айналысатын болашақ кәсіпорын бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында қызмет көрсетпек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓