«Маңызды құжатты қолдаймын»
Астанада үш елдің Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі шартқа қол қойылғанда қуандым. Қуанбай қайтейін, бұл ерекше оқиға. Теледидардан Беларусь, Ресей республикаларының Президенттері – Лукашенко, Путиндердің біздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге келісім-шарт-тың маңыздылығына жоғары баға бергенін көрдім. Әсіресе, Нұрсұл-тан Назарбаевтың: "Біз үшін интеграция деген ойын емес, саясат емес, ол – өмір" деуі өте орынды. Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ идеясын бұдан жиырма жыл бұрын М.Ломоносов атындағы Москва университетінде үлкен мәселе етіп көтерді. Президентіміздің көрегендігі бұл. Игі іске жету үшін күш жігерін жұмсады.
Жиырма жыл ішінде қаншама жұмыстар атқарылғанын бәріміз де білеміз. Көптеген пікір-таластарда тамаша ұсыныс туралы тілге тиек етілді. Соның нәтижесінде үш елдің экономикалық одаққа бетбұрысы жасалды.
Өміршең мақсатқа қол жеткі-зілді. Ресей, Беларусь және Қа-зақстан басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құруға шын ниетпен шартқа қол қойды. Міне, нағыз нық қадам.
Айта кету керек, тарихи оқиғаға бүкіл әлем көз тігіп отыр.
Жаңа ынтымақтастықтың болашағы зор. Мәселен, Қазақстанның жер үсті мен жер асты байлығы қаншама десеңізші.Солардың барлығын жергілікті аймақтарда тұтыну мүмкін емес. Экономиканы дамытуға сыртқы нарық қажет.
Құжатты қабылдау саяси одақ емес, экономикалық мүддеге байланысты жасалған қадам. Көрші-лес Қырғызстан және Армения елдері кедендік одаққа кіруге ниет білдіретіні байқалады.
Елбасының ұстанған бүгінгі бағыт-бағдары дұрыс. Жаңа Қазақстанның жасампаздық жолы ашық,болашағы жарқын. Мен және менің замандастарымыз соған сенеміз.
Есімхан ОСПАНОВ,
зейнеткер.