Академик атанды
Арқалық қаласының тұрғыны, белгілі оюшы, тарихшы Ш. Байділдин Халықаралық Шыңғысхан Академиясының академигі атанды. Мәртебелі награданы жақында Жезқазған қаласында өткен «Қазақ хандығының – 550 жылдығына» арналған ғылыми – практикалық конференцияда академияның Астана қаласындағы өкілдігі табыс етті.