Балаларға арналды
Наурызым ауданында балалардың жазғы демалысын сан алуан қызықты өткізу мақсатында Мереке ауылының кітапхана мамандары «Біз бақытты балдырған» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Шара барысында балалар ойын ойнап, кітапханашы апайларының түрлі тақырыпта қойған сұрақтарына белсенді түрде жауап берді. Кеш соңында балалар сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.