ҚУАНЫШ ПЕН ШАТТЫҚТЫҢ АУЫЛЫ

Жер жаҺанда балғындардың күлкісінен артық бағалы нәрсе жоқ. Жарты ғасырдан астам уақыт тойланып келе жатқан балалар күніне орай қаламыздағы Чкалов көшесінің тұрғындары өзіндік бір ерекшелікпен дайындалыпты. Тілге тиек еткен сөзіміздің дәлелі, аталмыш көшедегі 15-ші үйдің алдында тұрғызылған шағын қалашық. Жұрт мұны «Қуаныш пен шаттықтың ауылы» деп атаған екен. Сондай-ақ, үйдің ауласы арнайы мейрамға орай өрнектелген. Ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген киіз үй мерекенің шырайын көрсетіп тұрды.IMG_5600
Өнерлі жеткеншектердің жиылған жұртқа арнаған концерттік қойылымы «Қара жорға» биімен басталды. Жүргізушілер бөбектерді ортаға алып шығып, түрлі ойындар ойнады. Осы іс-шара жайында бастама көтеріп, оны ұйымдастырушы Нығмет Суханов алғашқы құттықтау сөзді алды:
– Бүгін біздің болашағымыз – балапандар үшін керемет күн. Жайдары жаздың бас мерекесіне орай бір жұдырықтай жұмылып, бірлік танытқандарыңызға қуаныштымын. Ең бастысы, осы балғындар қуансын дейміз. Және де киіз үйдің қойылуына мұрындық болған «Шаңырақ – Қостанай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қарлығаш Балапанова ханымға үлкен алғысымызды білдіреміз, – деді ел ағасы.IMG_5758
Мерекелік кеш барысында облысқа танымал талантты жастар Екатерина Рыбина, Нұрай Күдербекова, Виолетта Кенжетаевалар ән шырқады. Тақпақтар оқып, мақал-мәтелдерді жатқа айтқан балаларға сыйлықтар берілді. Аулаға жиылған барлық адамдар киіз үйдің ішінде жайылған дастарханнан дәм ауыз тиді. Ойын балаларына балмұздақтар мен тәтті-тоқаштар сыйлады. Концерт соңында шашу шашылды. Ата-әжелеріміз сөз алып, осы шараны дәстүрлі түрде өткізу керек екенін айтты.
 
Қасқырбай Қойшыманов
Суретті түсірген автор 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓