Іскерлік байланыс орнатуға ниетті

         Қостанайға Түркияның бір топ бизнес өкілдері келгенін бұдан бұрын хабарлағанбыз. Түбі бір бауырлар Қазақ елімен іскерлік байланыс орнатуға ниетті.Түркиядағы ФИМАКС компаниясы ауылшаруашылығынан бөтен заманауи техника жасаумен айналысады. Және мал өсіру мен егіншілікке аса қажетті тракторларды олар әлемнің сексеннен астам еліне сатады.
           Fimaks компаниясының президенті  Ихсан Юмлу бастаған түрік делегациясы жұмыс сапарының екінші күні бірқатар шаруашылық нысандарын аралап, олардың бүгінгі жәй-күйімен танысты.IMG_0763
            Солардың бірі-«Қарасу-Ет» ЖШС-і.  Отандық өндірістің өрісін кеңейтіп келе жатқан кәсіпорын өткен жылы халықаралық сапа сертификатына ие болды.IMG_0703 Бұл құжат үлкен міндеттер жүктейді.IMG_0712 Кәсіпорын шикізат дайындау, өнім өндіру, тіпті оны тұтынушыға жеткізу қызметіне де жауапты. IMG_0721Кәсіпорынның өз бордақылау алаңы, мал сою цехы бар. Сондықтан ет өнімдерін дайындау процесі бастан-аяқ жіті бақыланады.IMG_0720
           – Біздің компания өз жерімізде жайылған мал еттерін ғана пайдаланады. Өйткені ол – жергілікті экологиялық таза өнім. Тұтынушыны талабынан шығу үшін ұдайы ізденіс қажет. «Қарасу Ет» ЖШС ет комбинатының бұл бағытта өз стратегиясы бар. IMG_0777Серіктестік бүгінде қазы-қарта, жал-жая, консервіленген, оралған ет  тәрізді 25 түрлі өнім жасайды. Тіпті,  бір ғана  шұжықтың 140 түрін шығарады. IMG_0783Жалпы жылына 1000 тоннаға жуық өнім өндіреді және мұнымен шектелмейміз,-дейді «Қарасу Ет» ЖШС директоры Бауыржан Қосшұғылов.IMG_0910
           Делегация мүшелері «Жас қанат» құс фабрикасына да ат басын тіреді. Бұл кәсіпорын 170 мыңнан астам бройлер балапандарын өсіреді. IMG_1006Зауыт құстарға қажетті құрама жемді де өздері шығарады. Бір әттеген-айы, Ресей ақшасының құны төмендегелі сыртқы елдермен бәсекеге төтеп бере алмай қалды.IMG_1016 Неге десеңіз, ол жақтарда ет және ет өнімдерінің бағасы біздегіге қарағанда әлдеқайда төмен. Мәселен, отандық құс өсірушілер өз тауарларын 370-400 теңге көлемінде сататын болса, оның көрші елдегі бағасы 350 теңге.IMG_1009 Сондықтан, дүкендерде ресей өнімдері самсап тұр.
        -Біз де қол қусырып қарап отырғанымыз жоқ,-дейді «Жас қанат» құс фабрикасы директорының орынбасары Сергей Воронов,- Әзірге ішкі нарықты қамтып жатырмыз. Біздің өз тауарларымызды Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Астана қалаларына сатамыз. Бұл да көңілге медеу. Қазіргі таңда елімізде құс шаруашылығы 60 проценттей. Сонда ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін әлі қаншама осындай өндіріс қажет.IMG_1034
       Түрік бауырлар Қостанайдағы өндіріс орындарының жұмысына оң бағаларын берді. IMG_1133«Тіпті, мына құс фабрикасымен біздер айналыссақта ешқандай өзгерту енгізбей-ақ, осы қалпында жұмыс істей берер едік,-дегенді айтты. IMG_1127Өйткені, өндіріс орындары талапқа сай жұмыс істеп тұр. Делегация «Садчиков» ірімшік зауытына да барды. IMG_1053Олар Қостанайда жасалған өнімнен ауыз тиіп, ірімшік жасаудың технологиясымен егжей-тегжейлі танысты.IMG_1056
       -Біз Сіздердің бірқатар өндіріс орындарыңызды аралап, көріп шығамыз. Қай бағытта инвестиция салуға болады? Компания тарапынан біз не істей аламыз?IMG_1095 Өнімнің өзіндік құны қандай? Соның бәрін жүйелеп барып, іске кірісеміз.-дейді Ихсан Юмлу. IMG_1089Түрік кәсіпкерлері астықты аймақта әлі екі күн болады.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓