Балабақшада кезек болмайды

Бұл туралы өңіріміздің баспасөз орталығында тілшілермен өткен брифингте Лисаков қаласының әкімі Марат Жүндібаев мәлімдеді. Қазір қалада мыңнан астам бөбек балабақша кезегінде тұр екен. Шаһар басшысы 2017 жылдың аяғына дейін бөбекжайлардың барлығында орын тапшылығы болмайды деді:DSCN4315
– Балалар 2 жастан бастап балабақшаларға кезексіз қабылдана бастайды. 2017 жылдың аяғына дейін бөбекжайлардағы кезектер жойылады. Қазіргі таңда Лисаков қаласында 5 мемлекеттік балабақша жұмыс істеп тұрса, жақында тағы бір жеке бөбекжай қызметін бастады. 4 топ бойынша жұмыс істеп тұрған аталған жеке балабақша 160 орынға шақталған. Ал биыл, атап айтқанда, маусым айында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 280 орындық балабақша құрылысы басталмақ.2fd845a7bd430a1d4dd1887b83bd3728
Марат Жүндібаев бұдан бөлек 210 орындық тағы бір бөбекжай қайта қалпына келтірілетінін жеткізді. Міне, осылайша бір мезетте бірнеше балабақша салынып, жөндеу жасалып жатса, кезек мәселесі түбегейлі шешімін таппақ. Шаһар басшысы егер осы іс жүзеге асса, Лисаков еліміздегі балабақша кезегі жоқ алғашқы қала болады деді. 
 
Шұға Аңсаған

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓