Әлеуметтік қолдау тиісті деңгейде көрсетілмеген

Денисов ауданының прокурорлары әлеуметтік қолдаудың «тамыр соғысын» бағамдады. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамту, мәдениет, спорт және агро өндірістік кешен мамандарына қаншалықты тиісті жағдайдың жасалып жатқаны бақылауға алынды.помощь
Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, мамандарға көрсетілер әлеуметтік қолдаудың заңсыз түрде жүргізіліп, бұлыңғыр себептермен игіліксіз қалғаны хақындағы айғақтар анықталды.
Бюджеттік несиелеу мен көтерме ақы алуға арналған әлеуметтік қолдау межесінің ережелеріне сәйкес, елді мекенге орныққан мамандар міндетті үкіметтік демеудің дәмін татуы керек-ті. Алайда тексеріс қорытындысында, белгіленген мерзімде аймақтан шығып кеткен ешкім болмағандығы анықталып, сондықтан қаржылай көмектің негізсіз тұқыртылғандығы әшкере болды.
Аудандық прокуратура, аталған деректерге сүйене отырып, өлке әкіміне заңдылықтың бұзылуын түзетуді шегелеп тапсырды. 5 806 810  теңге сомасын құрайтын иесін таппаған қаржы қайтарылуы қажет. Осы төңіректегі шиырланған мәселені ширату аудан әкімдігіне мінтеттелді.
Бұған қоса, жергілікті прокуратура құзыретімен, аталған түйткілге қатысты жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓