Сауда орталығы салынады

Қостанайда ауылшаруашылық жәрмеңкесіне арналған сауда ғимараты салынбақ. Ол үшін облыстық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Қостанай облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Байбосын Мурзин айтты.  article11240

(k-agro сайтынан алынды)
-Жәрмеңкенің тұрақты мекені жуық арада анықталады. Қазір құжаттары жинақталуда. Жыл соңына қарай құрылысы басталмақ. 2018 жылға дейін жаңа ғимарат бой көтеруі тиіс. Барлық мәселе жан-жақты қаралады. Қоғамдық көліктер қатынайтын болады. Бұл өте үлкен, жабық сауда алаңы болмақ. Құрылыс құны – 3 млрд теңге. Қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді,-дейді Б.Мурзин.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓