Асық атудан республикалық турнир басталды

Арқалықта "Асық атудан" Кейкі батыр атындағы республикалық турнир өтуде. Изображение 204Мақсаты: ҚР Президенті Н. Назарбаевтың "Нұрлы жол" Жолдауын жүзеге асыру, ұлттық спорт түрі "Асық атуға" деген қызығушылықты арттырып насихаттау, облыс, қала, аудан, ауылдарда ұлттық спорт түрін дамыту, ең үздік команданы анықтау, салауатты өмір салтын насихаттап, нашақорлыққа жол бермеу.Изображение 203
Жарысты ұйымдастырушы: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Республикалық "Асық ату" Федерациясы, Арқалық қаласы әкімдігі және АрқМПИ ұжымы.DSCF0552
Турнирдің салтанатты ашылуында еліміздің Әнұраны ойнап, ақын арнау жырын айтты. DSCF0540Қала әкімінің орынбасары Е. Маметеков, батырдың ұрпағы, құрметті дәрігер М. Спандияров және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, республикалық "Асық ойындары" федерациясының вице – президенті Ж. Сабыржановтар сөз сөйледі.DSCF0561
Жалпы, жарыс кешегі күні өз жұмысын бастап кеткен болатын. DSCF0535Бүгін түс ауа үздік командалар анықталып, одан соң жекелеген ойын үздіктеріне кезек беріледі деп күтілуде.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓