Тобыл өзені тексеруге алынды

Соңғы аптадағы аптап ыстық қала тұрғындарын Тобыл өзеніне қарай жүгіртті. Ыстықтан сая іздеген жұртшылық өзен суының тазалығына бас қатырмаса керек. Ал шын мәнісінде бұған да назар аударған жөн. Халық арасында Тобыл өзенінің суында қауіпті инфекция бар, шомылу қауіпті деген әңгімелер кең тарап жатыр. Осы орайда мамандардан нақты ақпарат алған едік.a4d256d78f356daaa443ac46bf51fe9d
Қостанай қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалу бөлімінің жетекішісі Раушан Дунасарованың айтуынша мамыр айында Тобыл өзенінің суы зерханалық зерттеу үшін алынған.  Су  құрамында халера, энтеровирус және поразитологиялық инфекцияның бар жоғын анықтау қажет еді. Нәтиже көңілге қонымды. «Адам денсаулығына нұқсан келтіретін инфекциялар мен вирустар анықталған жоқ. Ал маусым ашылғаннан бері мұндай тексерулер апта сайын жүргізіледі. Сондықтан өзен суының адам денсаулығына қауіпі жоқ деп нақты айта аламыз», – деді бөлім жетекшісі.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓