Екі басқармаға басшылар тағайындалды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов екі басқармаға жаңа басшы тағайындады.
Гүлжан Меңдекенова Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұдан бұрын ол облыстық әкімдіктің мұрағаттар және құжаттама басқармасын басқарды. Ол 1962 жылы 31 наурызда Қостанай облысы Энгельс ауылында туған.
Сәуле Аймұхамбетова облыстық әкімдіктің мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол 11 жыл қаржы басқармасын басқарған. Қазір қаржы басқармасы басшысының міндетін Алма Жүсіпова атқаруда. Сәуле Аймұхамбетова 1961 жылы 15 тамызда Қарасу ауданы Қарасу ауылында туған. 1978 жылы Қарасу орта мектебін аяқтап, сол жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына түсіп, 1983 жылы экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша тәмамдады.