Қазақстан қор биржасымен танысты
Қостанай облысының бизнес қауымдастығының өкілдері «Қазақстан қор биржасы» АҚ қаржы тарту мүмкіндіктерін қарастырды.
Облыстық әкімдікте өткен кездесуде бизнесмендер KASE және оның серіктестері «Фридом Финанс» АҚ мен «ERNST & YOUNG KAZAKHSTAN» ЖШС консалтингтік компаниялымен танысты. Мұнда қор биржасы арқылы қаржыландырудың тәсілдері әңгіме өзгегіне айналды. Биржа саласының мамандары қаржыландырудың бұл түрі компаниялар капиталын дамытуға және болашақ жоспарларының жүзеге асырылуына зор үлесін қосады дейді. Сонымен қатар кәсіпкерлер беделін арттырып, тұтынушылары мен серіктестері арасындағы мәртебесін көтермек.
Елімізде әлі де биржалық қор тұрғысында білімнің таяздығын айта кеткен жөн. Осыдан бұл саланың дамуы да қарқын алмай келеді. Кәсіпкерлер мен қаржыгерлердің бүгінгі кездесуі болашақта мемлекет экономикасының дамуына үлес қосады деген сенім мол.
Махаббат Бекбай