Төлегеновтер «Мерейлі отбасы» атанды

Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған конкурстың екінші кезеңіне 40 отбасы қатысты. Нәтижесінде үш аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.
әкімі бар
 Ұлттық байқаудың биылғы облыстық кезеңі І.Омаров атындағы қазақ драма театрында өткен еді. Әдеттегідей, жиналған көпшіліктің қатары көп-ақ. Салтанатты шара еліміздің Әнұранымен басталды. Лауреаттарды марапаттау рәсіміне Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Бексұлтан Тұтқышев қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.Құттықтау
-Ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиелеудегі салт-дәстүрлері халқымыздың асыл қазынасына айналды. Ел ішіндегі бірлік-отбасынан басталады. Өмірдің өзі дәлелдеп берген шындық осы. Мемлекеттің табысы әр шаңырақтағы шаттықпен өлшенеді. Сондықтан елімізде отбасы институтының дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Елбасының тапсырмасымен өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» байқауы соның дәлелі,-деді өңір басшысы Нұралы Садуақасов. Құттықтау2
Ұлттық байқау, ережеге сай, үш кезеңнен тұрады. Біріншісі-аудандық, екіншісі-облыстық, соңғы қорытындысы-республикалық. Сайысқа ғылым, білім, мәдениет, экономика, спорт салаларында табысқа жетіп, абыройы артқан отбасылар қатыса алады. Бүгін мәреге жеткен облыстық кезеңде көпке үлгі болып жүрген үздік отбасылар марапатталды. Ұйымдастырушылар алқасының ұйғарымымен қатысушылар «Парасатты отбасы», «Әулет», «Мерейлі отбасы» аталымдары бойынша топтастырылған. Қатысушыларды ұлттық байқаудың өткен жылғы жеңімпаздардың марапаттады. «Парасатты отбасы» аталымында-Сүгірбай мен Алма Нұрмановтар отбасы (Арқалық қаласы), «Әулет» аталымында-Василий мен Галина Горт отбасы (Рудныйқаласы), «Мерейлі отбасы» аталымында-Төлегеновтер отбасы (Қостанай ауданы) жеңіске жетті. Құттықтау3Нұрлан және Гүлжауһар Төлегеновтер алдағы күзде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңінде Қостанай облысының атынан бақ сынайды.
 
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓