Нұрлы жол-жаңа мүмкіндіктер бастауы

Биылғы жылы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қостанай облысының бюджетіне Ұлттық қордан 4 млрд. 814 млн.теңге бөлінді. Қомақты қаржының қайда, қалай жұмсалатыны туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-дағы депутаттық фракцияның жиналысында айтты. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында негізгі жеті бағыттан тұратын жаңа экономикалық саясатты жариялады. Бұл бастама әлемдік дағдарыс жағдайында Ұлттық экономиканы қолдауға арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ел Үкіметі «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Мінекей, дәл осы бағдарлама бойынша Қостанай облысына Ұлттық қордан 4 млрд. 814 млн.теңге бөлінді. Аталған қаржының тиімді жұмсалуы қадағалануда. Мұндай жауапты жұмысқа Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясын белсенді араластырып, қатаң партиялық бақылау орнатуды тапсырған-ды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ә.Сапарова және депутаттық фракция мүшелері облысқа республикалық бюджеттен бөлінген қаржының есебімен танысты.IMG_0068 Партиялықтар алдында баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спановтың айтуынша, бөлінген қаржының басым бөлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша бюджеттік кредиттерге бағытталып отыр. Себебі Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында ТКШ-ны жаңғыртуға баса назар аудару керектігін тапсырды. Сондықтан 2 млрд.100 млн.теңге Қостанай қаласындағы «Аэропорт» шағын ауданындағы қазандықтық құрылысына және жылу магистралі мен суқұбыры желіліренің үш  участкесін қайта қалпына келтіруге жұмсалады.
Тұрғын үй инфрақұрылысын нығайттуға 1 млрд. 399 млн.теңге бөлінде. Оның 712 млн.теңгесі Красносельская, Қайырбеков, Текстильщик көшелерінде салынып жатқан үш үйдің құрылысына тиесілі. Бұл үйлердің құрылысы аяқталса 146 пәтер пайдалануға беріледі. Жоспарға сай көп қабатты тұрғын үйлер биылғы жылдың желтоқсан айында тұрғындарға ұсынылады. Сондай-ақ 687,6 млн. теңге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Бұл қаржы «Аэропорт» шағын ауданында, Красносельская, Қайырбеков, Текстильщиков көшелерінде бой көтеріп жатқан үйлерге  инженерлік коммуникация тартуға жұмсалады.
-«Нұрлы Жол» бағдарламасының екінші бағыты бойынша отандық кәсіпкерлікті қолдауға көңіл бөлінді. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерге қолдау басым. «Даму» қоры және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы аталған саланың бизнес субъектілеріне несие беріледі. Ұлттық қордан бөлінген қаржы елдің әлеуметтік-экономикалық саласына жасалған қолдауы. Ұлттық экономиканы қаржылай қолдау-жаңа мүмкіндіктерге жол ашады,-деді Қостанай облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов.
Облыстағы білім саласын дамытуға 692,5 млн.теңге бөлінді. Оның 150 млн. теңгесіне Лисаков қаласында балабақша салынады. Ол 280 орынға шақталған. Қазіргі уақытта конкурстық жұмыстар жүруде. 543 млн.теңгесі Қостанай, Лисаков, Рудный және Арқалық қалаларының білім беру саласына бағытталды. Осы аталған қалаларда жаңадан балабақша, шағын орталықтар ашылмақ.IMG_0042
Ұлттық қордан шағын және орта бизнес субъектілерін, отандық машина құрылысы саласын тікелей қаржыландыру қарастырылған. Облыста көлік құрастыру өндірісі жылдың бірінші тоқсанында 2,5 %-ға төмендеген еді. «Нұр Жол» бағдарламасы бойынша саланы несиелендіру нәтижесінде жеңіл көліктерді құрастыру көлемі соңғы төрт айда 15%-ға өсті. Мысалға, былтырғы жылдың төрт айында 1592 көлік құрастырса, биылғы төрт айда Қостанайда құрастырылған көлік саны 1831-ге жетті. Тобыл өңірінде жыл соңында 8,5 мың көлік құрастырылады деп жоспарлануда.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓