Пошталық индекс өзгертіледі

Қазақстанда жаңа пошталық индекстер енгізіледі. Енді еліміздің әрбір ғимаратына әріп пен сандардан құраған жеке пошталық индекс  беріледі. Бұрын олар тек сандар түзілімінен тұратын еді. 40828010
«Қазпошта» АҚ-ның бұл жаңашылдығы, ең алдымен, Астана мен Алматы қалаларында іске қосылмақ. Жеті белгіден тұратын интекстің бірінші әріпі өңірді білдіреді. Бұрынғы автокөлік нөмірлеріндегі әріптік ерекшеліктерге сәйкес. Ал одан кейінгі екі белгі сол өңірдің қала немесе ауданын көрсетеді. Қалған төртеуі нақты бір  ғимаратты айқындамақ. Азаматтар өздерінің пошталық индексін www.postcode.kz, порталынан біле алады. Алғашқы тақташалар Астана қаласында орнатылды. Ал Тобыл өңірінде мұндай жаңашылдық тек жыл соңына қарай енгізіледі, – дейді «Қазпошта» АҚ Қостанай облысындағы филиал директорының орынбасары Шындәулет Молдахметов. Бүгінгі күні Қостанай облысының пошталық мәліметтері өңделуге жолданған.stamp_soviet_union_1977_cpa_4775_139650248614
Ғимараттарға жеке нөмір беру пошта қызметін біршама жеңілдетпек. Өйткені елімізде ұқсас көше атаулары аз емес. Көшелердің бұрынғы мен жаңа атаулары, үйлердің реттік санының дұрыс берілмеуі пошта қызметкерлері үшін қиындықтар туғызады. Сәлемдеменің діттеген жеріне жетпеуіне де әкеп соқтырады. Жаңа индекс ғимарат жойылған жағдайда қоса  өшіріледі.  Бұрынғыдай қала немесе көшенің атауына байланысты болмайды. 
Пошта қызметкерлерінің айтуынша, алдағы уақытта сәлемдемені жаңа пошталық индексті және пәтер нөмірін көрсету арқылы жолдауға болады. Сонымен қатар, бұл жаңашылдық картадан ғимараттың орналасуын анықтауды жеңілдетеді. Айта кетейік, бұрынғы индекстер  де өз күшін жоймайды және бірдей қолданыста болады.
Өзгертілген пошталық индекстер ғимараттардың веб-сайттарын құруға пайдаланылмақ. Аталмыш порталдар жеке пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындар арасында онлайн байланыс орнатуға мүмкіндік туғызбақ. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓