Азаматтарды жаппай оқыту: Жаңа мүмкіндіктер туралы не білесіз?
Қостанай облысы халқына Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын, әлеуметтік-еңбек саласын және ҚР Әлеуметтік кодекс жобаралының нормаларын түсіндірілді. Ол үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы құрған жедел топ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Еңбек ресурстары орталығы" АҚ президенті Дәулет Арғандықтов және Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Мұратбеков Ұзынкөл, Меңдіқара аудандарына барып, тұрғындармен, жастармен, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласы мамандарымен, ауылдық округ әкімдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесті. Д.Арғандықов өз сөзінде азаматтарды жаппай оқытудың жаңа мүмкіндіктеріне бас назар аударды. Ол Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілген.
"Жаппай оқыту арқылы адами капиталды жоспарлы арттыру және қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдайлар жасалатын болады. Жаңа дағдыларды оқыту процесіне тартылатын адамдар контингентін бірнеше есе көбейту жоспарлануда. Егер бұрын шаралар азаматтардың жекелеген санаттарына бағытталған болса, енді еңбекке қабілетті жастағы барлық қазақстандықтарға ден қойылады. Бұл ретте жаңа дағдыларды алуға қолжетімділік үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өздері арасындағы жаңа әлеуметтік келісімшарт шеңберінде бөлінетін болады", – деп хабарлады Дәулет Арғандықов.
Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекс шеңберінде Ұлттық біліктілік жүйесін "жаңғырту" көзделеді: жұмыс берушілер кәсіптік стандарттар арқылы жұмыс күшінің дағдыларына талаптар қоятын болады, оларды ескере отырып, жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.
Кәсіби біліктіліктерді сертификаттау жүйесін енгізу де жоспарлануда: ресми, бейресми немесе ақпараттық білім болсын, алынған дағдылар кәсіби біліктіліктерді тану орталықтарында бағаланатын болады.
"Бұл "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді – қазақстандықтар кәсіби дағдыларын үнемі арттырып отырады, бұл оларды бәсекеге қабілетті және еңбек нарығының қазіргі заман шынайылығында сұранысқа ие етеді", – деп атап өтті Дәулет Арғандықов.
Сонымен қатар, Ұзынкөл және Медіқара аудандарының тұрғындарымен кездесу барысында мобильдік топ мүшелері Жолдаудың және әлеуметтік кодекстің басқа да маңызды бағыттарын – отбасының цифрлық картасын енгізуді, электрондық еңбек биржасы базасында цифрлық экожүйені қалыптастыруды, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясатты, жаңа көші-қон саясатын, балалы отбасыларды қолдау шараларын, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғыртуды ортаға салды зейнетақы төлемдерін арттыру және т. б. бағыттар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде мобильдік топ мүшелері Қостанай және Тобыл қалаларының жұмыспен қамту орталықтарында халықпен кездесулер өткізеді.