Жақсы ұстаз – шамшырақ

Алғашқы еңбек жолымды бастаған білім ордасында жетістіктер де жетерлік. "Парасатты басшылық, мұғалімге жақсылық" демекші, тамыз конференциясында мектеп директоры Қымбат Бірманова қазақ тілін өркендетудегі қосқан үлесі үшін облыстық төсбелгімен марапатталса, кітапханашы Гүлназ Қасабек "Үздік педагог" атты мадақтаманы еншіледі. 11 сынып оқушысы Жансая Мұратбаева облыста Оралхан Бөкей оқуларынан бірінші орынды иеленіп, республикаға жолдама алды. "Дарынды ұстаздан – дарынды оқушы шығады" деген қағиданы ұстанып, ұстаздарды рухтандырып, жаңашыл бағыт беріп жүрген директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Гүлдира Күдесованың еңбегі.
Гүлбану СӘБИТОВА,
№7 орта мектебі, жас маман.
Рудный қаласы.