Жастар салауатты өмірді қолдайды

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – ол адам денсаулығы. “Денсаулық  зор байлық” деп те бекер айтылмаған. Өйткені, дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты, сондықтан әр адам өз денсаулығына жауапты қарауы керек.IMG_4378
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы мен “Жас Отан” жастар қанаты игілікті жобаны жүзеге асыруда. Бұл бастама тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған. Аталмыш шара аясында 18-ші бағытта жүретін қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылары медициналық тексерістен өтіп, салауатты өмір салтын ұстану туралы тегін кеңестерге қанықты.IMG_4392
«Денсаулық автобусы» акциясы барысында медициналық тексеру шаралары аялдамада көрініс тапты. Сол жерде №3 емхана мамандары 18-ші бағытта қатынайтын қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларына тегін медициналық көмек көрсетті.IMG_4429 Олардың дене салмағы мен бойын, қан қысымын өлшеп, қандағы қант мөлшерін тексеріп, салауатты өмір салтын ұстануға арналған тегін кеңестер берді. Ұйымдастырушылар бұл аталған акцияның алғашқы кезеңі ғана дейді.
-Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының тапсырысы бойынша біз қаламыздағы №3 емхана мамандарымен бірігіп, осы шараны қолға алдық. Бұл жобамыздың бастамасы ғана, жалпы айына екі рет осындай акция ұйымдастыратын боламыз.IMG_4410 Бұл ретте еріктілердің де көп көмегі тиюде, олар аялдамадағы және автобус ішіндегі жолаушыларға салауатты өмір салтын насихаттайтын тегін брошюроларды таратты. Акцияның басты мақсаты  да осы, яғни тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, – дейді жоба үйлестірушісі Бауыржан Жүнісов.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓