Көптен күткен жеңіс!

Қазақстан Ұлттық чемпионатының кезекті 18-ші тур ойындарына сәйкес Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Таразды» қабылдады. Осының алдында ғана Евгений Яровенко баптайтын жамбылдық аяқ-допшылар Қызылорданың «Қайсарын» 3:0 есебімен жеңген болатын. Бұл жолы да қонақтар Қостанайға сондай үлкен үміттің жетегінде келгені жасырын емес.Қалай дегенмен екінші айналымның басым бөлігі артта қалған тұста турнир кестесінде қатар келе жатқан қос қарсылас үшін үш ұпай ауадай қажет-ті.IMG_3796
Маусымаралық үзілісте «Тобыл» сапына қосылған үш легионердің үшеуі де әзірге жарап тұр. Олар өздеріне жүктелген міндетке адалдық танытуда.IMG_3799«Таразбен» өткен матчта мұны біз анық аңғардық. Ойынның 11 минутында Игорь Юрин есеп ашқан. Арада он минут уақыт өткенде Игорь Зенькович есепті еселелеп, берді. IMG_3794Ал кездесудің 40-шы минутында қос Игорь тағы жасындай жарқылдады. Бұл жолы Игорь Юрин «дубльдің» авторы атанды. Бірінші тайм 3:0!
IMG_3815 Қостанайлық жанкүйерлер мұндай есепті көптен аңсап жүрген еді.IMG_3798Екінші таймда да жерлестерімізге гол соғатын бірнеше мүмкіндіктер болған. Бірақ, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.IMG_3807 (1)Осыдан кейін «Тобыл» турнир кестесінде 21 ұпаймен қайтадан 7 орынға көтерілді. Енді жерлестеріміз 5-ші шілде күні «Ордабасыға» қонаққа барады.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓