Көбелектердің көшпелі көрмесі
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында көбелек көрмесі ашылды. Мұнда Индонезия мен Филиппиннен жеткізілген жәнтіктердің 12 түрін тамашалауға болады.

Бірінен бірі өткен, әсем көбелектер көз жауын алады. 3-4 күн ғана өмір сүретін оларды апельсинмен, шырын және баннаның қалдықтарымен көректендіреді.
Ал «калига» деп аталатын көбелек 7-8 күнге дейін тіршілік етеді. Көрме жетекшілерінің айтуынша, көбелектерге дұрыс күтім жасалса, олар 2 аптаға дейін өмір сүруі мүмкін. Сонымен қоса әлі қауызын ашпаған, қуыршақтарды да осыннан көруге болады.


Көбелектердің көшпелі көрмесі осымен 5 жыл бойына еліміздің қалаларын аралап келеді.
Алдағы уақытта құстар мен балықтар көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – дейді көрме әкімшісі Гаухар Бахытжанова.

Айтолқын Қапан
Суретті түсірген автор