Ең қалаулы демалыс орны

Жаз маусымының келуімен Қостанайдың орталық алаңында орналасқан саябақ қала тұрғындарының ең қалаулы демалыс орнына айналады. Мұнда барлық жастағы келушілер үшін бос уақытын қызықты өткізуге әр түрлі жағдайлар жасалған. IMG_9616
 
Бүгінгі таңда саябақта ірі 15 аттракцион және жеке меншік бірнешеуі орналасқан. Барлығы жұмыс істеп тұр. Қазір саябақтардың инфрақұрылым моделі де өзгере бастаған. Бұнда жабық аттракциондар орнатып, көптеген экстрималды ойын түрлері ұсынылып отыр. Бұл ойын-сауық балаларға ғана емес ересек адамдарға, оның ішінде отбасыларға да арналған.IMG_9604
 
– Қазіргі уақытта аталмыш саябақ аумағында 30 адам жұмыс атқарады. Аттракцион танертеңгі 9.00-ден кешкі 11-ге дейін жұмыс істейді. Тазалау, тексеріс жұмыстары өтіп,  26 сәуірден бастап іске қосылған ойын орталығының қазіргі жұмысы көңіл қуантарлық – дейді « Вихр» атты айналмалы әткеншекке жауапты бақылаушы Қашаева Светлана.IMG_9661
 
Биыл аттракционның бағасында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Билеттер құны 150 мен 500 теңге аралығында. Айта кетейік, бұрынғыларынан басқа, маусым айында балаларға арналған тағы үш ірі аттракционның құрылысы басталмақ.
 
Айтолқын Қапан
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓