Автомодель спорты

Автомодель спорты (трассалық модель) облысымызда жыл сайын дамып келе жатқан спорт түрі. Жақында Қостанай қаласындағы техникалық шығармашылық мектебі осы спорт түрінен облыстың ашық чемпионат өткізді. IMG_7269Челябі, Орск, Уфа, Ақтөбе және Қостанай облысынан жарысқа түскен жасөсіпірімдер мен ересектер екі топқа бөлінді. Жастар жағы F-1, Production-32, Production-24, SP-32 и G-13 («Юниор») бағыты бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде Қостанай облысы бірінші орынды алса, екініші және үшінші тұғырға ақтөбелік спортшылар жайғасты. Жекелей көрсеткіштерде барлық бағыттарда техникалық шеберлігімен көзге түскен Евгений Каштанов (Қостанай) үздік атанды.
Ересектер арасындағы жол жарысынан жерлестеріміздің бағы жанды. Ресей құрамасы үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздар Павлодар қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысуға мүмкіндік алып отыр. Ал бас төреші Владимир Лапытько осы спорт түріне қызығушылық танытқан балғындар үшін G-13 бағытының ашылғандығын айтты. Қабылдау техникалық шығармашылық мектебі базасында ұйымдастырылады.   
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓