Зауалдың беті бері қарады

Қостанай облысындағы киіктердің жаппай қырылуы тоқтады. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осындай мәлімет береді. Апат орнында бел жазбай жұмыс істеген топ түгелдей кері қайтарылды. Амангелді мен Жангелдин аудандарында қырғынға ұшыраған және көмілген киіктердің қорытынды саны – 107 761.тағы да киік
Аталған мекеме мамандарының айтуынша,  осы уақытқа дейін жұмбақ күйінде келген нәубеттің пайда болу себебі де байламын тауыпты. Ол – пастереллез кеселі. Қазақстандық мамандар мен алыс-жақын шетелдерден алдырылған ғалымдардың ортақ тұжырымы осы болса керек. Алдын ала айтылған жанама болжамдар мен алып-қашпа нұсқалардың барлығы жоққа шығарылды.
Айта кетейік, апат етек алғанда Амангелді ауданындағы телімдерден 6 шөп пен ауа және 2 су сынамасы алынып, сараптамаға жіберілген болатын. Күні кеше қорытындысы шықты. Экперттер сараптаманың халықаралық стандарттарға сәйкес өткенін хабарлады. Асылында, сынамалардың «өне-бойынан» анау айтқандай ауытқулар табылмапты. Тек шөп сынамаларының бірінде ғана ауыр металдардың ұйғарынды шоғырының шамадан асуы анықталыпты. Ал, ауа мен судың құрамында түз тағысы ағзасына қауіп әкелер залалды зат ұшыраспаған.
Қырғыннан аман қалған киіктер жіті бақылауда ұсталып отыр.
 
Жандос Жүсіпбек
 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓