Болашақ ұстаздар NIS-те бас қосты
Қазір Қазақстанда жоғары білікті педагог мамандарды табу өзекті мәселеге айналып отыр. Көптеген басшыларды: "Жастарды мектепке қалай тартуға болады?", "Жоғары сынып оқушыларын педагогикалық мамандық таңдауда қалай қызықтыруға болады?", "Мектептің кадрлық резерві мәселесін қалай тиімді шешуге болады?" деген сұрақтар ойландырады. Осы мәселелерді шешу үшін Қостанайдағы NIS педагог мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдаған ауыл мектептері оқушылары үшін «Ұстаздық ұстаным» атты гайд ұйымдастырды.
Бұл нұсқаулыққа Қостанай облысындағы жалпы білім беретін мектептерден 7-11 сыныптардың 44 оқушысы қатысты.

– Назарбаев Зияткерлік мектебі тәрбиешілерді, ата-аналарды және оқушыларды әрдайым қонақжайлылығымен қарсы алады. Біз ұстаздық мамандықты таңдаған оқушылармен жүздесіп, мектепті көрсетіп, оларға мұғалімдер оқытудың ең қарапайым әдіс-тәсілдерін көрсеттік. Сол күні мектепте ұйымдастырылған шығармашылық шеберханалар барлық қатысушыға шығармашылық кәсібімізді одан әрі жандыруға мүмкіндік берді, – деді Қостанай NISдиректоры Гульнара Дусказиева.

Іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ректоры, география ғылымдарының докторы Сейітбек Қуанышбаев және педагогикалық институттың оқытушылары, сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері қатысты.
– Қостанайдағы NIS базасында біз осы Нұсқаулық аясында балаларды мұғалімдік мамандыққа баулудамыз. Онда олар әртүрлі пәндер бойынша оқу жоспарындағы жаңалықтарды және Зияткерлік мектепте мұғалімдердің қандай жұмыс істейтінін біле алады, – дейді Қостанай облысы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Татьяна Набатникова.



– Мен болашақ мұғаліммін, дәлірек айтсақ, химия пәнінің мұғалімімін. Химияны жақсы көретіндіктен, осы мамандықты таңдадым, осы пәнге деген сүйіспеншілікті оятқан ұстазым болды. Мен бұл шараға қатысқаныма өте қуаныштымын, өйткені көп нәрсе үйрендім. Біз өте мазмұнды эксперименттер жүргіздік, нәтижесінде өзіме қажетті жақсы ақпараттар алдым. Зияткерлік мектепке келгеніме өте қуаныштымын, өйткені бұл менің арманым, мақсатым болды және оған қол жеткіздім. Болашақта Зияткерлік мектепте мұғалім болғым келеді, себебі мұнда ұстаздарға барлық жағдай жасалған, – дейді Б.Майлин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Айым Құдайбергенова.