Қостанай – Ганновер
«Эйр Астана» әуе компаниясы Қостанай мен Германияның Ганновері арасына маусымдық әуе байланысын орнатты.
2015 жылдың 17 мамырынан 13 қыркүйегіне дейін Қостанайдан Ганновер қаласына әуе қатынасы арқылы жету мүмкіндігі туды. Билеттерді «Эйр Астана» компаниясының сайты немесе брондау және ақпарат орталығына хабарласу арқылы сатып алуға болады.

Сондай-ақ, Германияның Франкфурт қаласына да жолаушылар енді жаңа Боинг 767 ұшағымен сапар шегеді. Аталмыш маркалы ұшақтың салоны толықтай өзгертілген. Бизнес-класс 1-2-1 реті бойынша орналасқан, 30 жатын орындықпен жабдықтаулы. Бизнес-класс жолаушылары заманауи 38 см-лік жеке ойын-сауық жүйесі мен дыбыс өткізбейтін құлаққаптарды пайдалана алады. Ал, эконом-класс бөлмесіне 23 см-лік сенсорлық экраны бар 193 орындық орналастырылған. Бұл жаңашылдық әр жолаушы өз қалауына қарай түрлі фильмдер мен телевизиялық сериалдарды тамашалап, музыка тыңдап, жол бойы уақыттарын сергек өткізіп баруларына мүмкіндік береді.
Махаббат Бекбай