Мерейтойлық медальдармен марапатталды

 «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл». Осылай аталатын медальмен әртүрлі салада табанды еңбек етіп келе жатқан қазақстандықтар марапатталуда. Бұл – ҚР Президентінің ассамблея мерейтойы қарсаңында қабыл еткен бұйрығы бойынша жаппай жүзеге асырылып жатыр.награждение медалями
-Мәселен, біздің облыста мұндай медаль иелену құрметіне 75 адам лайықты саналған,- дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығы жетекшісінің м.а. Гүлвира Құдайқұлова. – Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, кәсіпорынның, этномәдени бірлестіктердің басшылары, шығармашылық және ғылыми интеллегенция, мәслихат депутаттары, меценаттар және басқалары.
Достық үйінде өткізілген шарада, әзірге, 32 адамның төсіне медаль тағылды. Облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов табыстаған марапаттардың алғашқысын 92 жастағы ҰОС ардагері Қабден Ибраев иемденді. 1-деңгейлі Ұлы Отан соғысы орденінің, 3-деңгейлі Ерлік орденінің, «Қазақстанның құрметті жолшысы»  атағының иесі кеудесін тағы бір төсбелгімен жарқыратты. Сондай-ақ, медальға лайықты деп танылған жандар арасында 9 бала бағып отырған (оның 8-і асыранды) Гүлжауһар Төлегенова да бар. Айтпақшы, биыл облыстық Қазақстан халықтар Ассамблеясының бастамасымен, Төлегеновтердің жаңа баспанасының құрылысын бітіруге қаржылай көрсетілген болатын. «20 сауапты іс» республикалық акциясы шеңберінде, аймақтағы кәсіпкерлер мен эномәдени бірлестіктердің тізе қосуымен, 5 млнь теңгеден астам қаражат жиналыпты. Ал, бұл марапаттардың жөні бір басқа. Еңбегі елеулі есімдердің ескерусіз қалмағандығы ерекше қуаныш екенін айтады медаль иелері.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓