Жақсы көрсеткіш
Рудный. Индустриалдық институтта мемлекеттік аттестаттау комиссиясы жұмыс істеді. Тексеру қорытындысы бойынша РИИ-дің қызметі бакалавриаттың 18 мамандығы бойынша 5 жылға табысты аттестатталды. Комиссия оқу ордасындағы білім беру қызметінің жоғары сапасына, материалдық-техникалық және ғылыми-зертханалық базасына жоғары баға берді. Аттестаттаудың шеңберінде студенттер тест тапсырып, жалпы қорытындысы 95,5 %-ды құрады.