Екі балабақша салынады
Қостанай ауданының Заречный ауылында 320 орындық балабақша салу жоспарлануда. Мұны В.Деревянко есімді кәсіпкер өз міндетіне алып отыр. Былтыр ауданда балабақша кезегінде 1505 бала тұрса, биыл ол 53 бөбекке артқан. Сондықтан, Заречныйдағы бөбекжай құрылысы бітісімен Затобол кентінде тағы бір балабақша салуды көздейді.