Заман ағымына ілесіп

Қарасу ауданына қарасты Октябрь ауылындағы ауруханаға жаңашылдық енгізілді. Мекеменің іші мен сыртына бейнебақылау камералары орнатылды.Карасу
– Ауруханамызға 36 камера орнаттық. Олардың 8-і аурухананың сыртына, 28-і ішіне қойылды. Оған 750 мың теңге жұмсалды, – дейді аурухананың бас дәрігері Рауза Ілиасова.
Дәрігер айтқан 36 камераның барлығы, көз жеткізгеніміздей, іске қосулы тұр. Бұл құрылғылар арқылы аурухананың іші мен сырты бақылауда. Камералар аурухананың барлық бөлімдеріне, сондай-ақ дәлізге, адам көп шоғырланатын орындарға қондырылған.
– Енді ауруханада не болып жатқанын өз кабинетімде отырып-ақ бақылай аламын. Мұндай мүмкіндіктің туғаны қуантады. Бұл жаңашылдықтың аурухана қызметкерлерінің тәртібін күшейту және жауапкершілігін арттыруда пайдасы зор, – дейді Рауза Ілиасова.
 
Жаңабай АХМЕТОВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓