Ғаламтордың әсерімен…

Қазіргі кезде өзіне өзі қол жұмсауды, экстремизмді, нашақорлықты, құмар ойындарды сонымен бірге қоғамға қауіп төндіретін бағытты насихаттайтын сайттар көп екен. Кейде компьютер алдында отырған баламыздың ғаламтор арқылы қандай сайттарды ақтарып, қарап отырғанын да  білмейтін секілдіміз. Рас,  ғаламтордың пайдасы бар, оны жоқққа шығармаймыз, кез-келген дерегің мен мәліметіңді ала аласыз. Ал, зияны ше?  Гәп осында.  Міне, осындай өзекті мәселелерге байланысты облыстық білім басқармасында  онлайн тәртібінде семинар болып өтті. Семинар барысында балалардың өзіне өзі қол жұмсауы, экстремизм, нашақорлық және  алдын алу шаралары, ғаламтордың келеңсіз әсері секілді тақырыптар жан-жақты талқыланды.
      Облыстық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналдық полициясы бөлімінің бастығы, полиция капитаны Гүлмира Лежнинаның айтуынша, бүгінде  өзіне өзі қол жұмсау проблемасы өте өзекті болып тұр. Үстіміздегі жылғы 3 мамырында Рудный қаласында 9 сыныптың оқушысы өзіне өзі қол жұмсады. Тексеру нәтижесінде   оқушы бала ғаламтордың әсерінен  өзіне өзі қол жұмсағаны анықталды.arm133892446568
– Оқушы баланың отбасысы толық емес. Ол өзінің бос уақытында  жиі өзіне өзі қол жұмсау сипатындағы сайттарды қарайтындығы белгілі болды,-деді Гүлмира Лежнина.  
   Облысымызда үстіміздегі жылдың  төрт айында  жасөспірімдердің  өзіне өзі қол жұмсауының  алты фактісі  тіркелсе,  және де алтауы өзіне өзі қол жұмсауға әрекеттенген.  Ал, өткен жылы болса бес жасөспірім өзіне өзі қол жұмсаса,  он алтысы суицид жасамақ болды.  Аймақта  жасөспірімдер арасында  суициалдық сипаттағы фактілердің көрсеткіш саны өскен. Жас шамаларына келер болсақ, 15-16 жастағы жасөспірімдер осындай жағдайларға барып отыр. Сондықтан да балалардың өзі өзіне қол жұмсау проблемасы психолог, психиатр және  оңалту  қызмет мамандары тарапынан пара-парлық шаралар қабылдауды қажетсінеді. Әр жағдайды зерттей, тексере келгенде жасөспірімдер өздерінің, айналасындағылардың істеріне түңілген көңіл күйдегі баға беретіндігі,  көңілдерінің құбылып тұратындығы, шешім қабылдау кезде қызбалыққа берілетіндігі анықталды.  Материалдарды қосымша тергеу  тексеру сараптамасы  бойынша өзіне өзі қол жұмсау немесе бару барысында мынандай себептер себепші екен,  атап айтсақ, көп жағдайда ата-аналарымен  жанжалдасып қалу-4,  таныс  жақын досымен ұрысып қалу немесе айрылысу-5, басқасы-2, сол секілді  ғаламтордағы өзіне өзі қол жұмсауды насихаттайтын  сайттың әсерінен 1 факті анықталды. phuong-phap-hoc-lap-trinh-android-hieu-qua Ал, енді  облысымыздағы ҚР машықтанушы психологтар қауымдастығы төрағасының орынбасары Юлия Калжюнаяның айтуынша, ғаламтордағы түрлі келеңсіздікті, мысалы, өзіне өзі қол жұмсау, діни ағымдарды, нашақорлықты  насихаттайтын сайттардың әсерінен балаларымыз   теріс жолға түсіп кетуі әбден.  Оған  маман екі мысал  дейді. Бірі,  Рудный қаласындағы жатахананың бірінде тұратын студент қыз аяқ астынан жоғалып кетеді. Оның әлеуметтік желідегі беттерінен анықталғанындай  діни ағымдағы қоғамдастыққа мүше болған.  Студент қыз Украинаның  Луганск облысынан,   соғыс болып жатқан жерден табылды. Қазіргі  кезде студент қыз сол жерде. Айтарлығы сол, ол қыздың кей кезде ата-анасымен хабарласып, өзінің қайда жүріп-тұрғанынан дерек беру туралы мәмілеге келіпті. Ал, екінші,  Қостанай қаласында тұратын жасөспірім қыз  ғаламтордан өзінің мәдени-этностық тобына қатысты деректер іздейді,  сектаға мүше жігітпен танысып, соған кетіп қалады. Туыс-туғандары дер кезінде іздеу салып, қыздарын үйлеріне қайтарып алады.  Қазір онымен психологтар жұмыс істеу үстінде.addiction
– Балаларыңыздың сектаға  мүше болып кетуі үшін ешқандай да діннің қажеті  жоқ.   Үнемі болмаса да, анда-санда балаңыздың компьютерден не қарап отырғандығынан хабардар болғандарыңыз дұрыс. Бала өз отбасынан қолдауды, көмекті, қамқорлықты көрмеген соң кетіп қалуы ғажап емес. Әлеуметтік желіде кіммен хабарласып тұратындығын білген де абзал,-дейді маман.
     «Қазахтелеком»АҚ Қостанай филиалы бас директорының орынбасары Ольга Падий  жиналғандарға   «Ата-ана бақылауы» деп аталатын жаңа қауіпсіз ғаламтор қызметін ұсынатындығын жеткізді. Осы қызмет арқылы балаларды қажетсіз ақпараттан қорғауға,  сол секілді  олардың қандай сайтқа кіретіндігін де анықтауға болатындығын  айтты. Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓