Желбірейді жалаулар

Қостанай қаласындағы «Геолог» саяжайында Ресейдің Туы желбіреп тұр. Көлемі орташа болатын Ту саяжайдағы үйдің ауласына тігілген. Шет елдердің жалаулары елшіліктердің алдында тұрушы еді ғой. Бірақ біз көрген жер елшілік емес. Қала сыртындағы саяжай. IMG_7733
Аталған жер учаскесінің кімге тиесілі екенін біле алмадық. Иесін іздеп барғанымызда бізді қақпадағы қара құлып қарсы алды. Басқа тірі жан жоқ. «Тырнақ астынан кір іздеді» деп сөге көрмеңіздер. Көрген көзде жазық жоқ. Ұзынқұлақтан естігенімізді емес, өз көзімізбен көргенімізді жазып отырмыз.IMG_7737
Қазақстан азаматтарының әрқайсысы өзі қалаған елдің байрақтарын желбіретіп қойғаны дұрыс па бұрыс па? Бұған енді не деуге болады? Бірақ жалаулату науқанына бейжай қарамау керек сияқты. Себебі мемлекеттік Туды балконға ілген астаналық Жандос Құрманбаевтың басы бәлеге қалды. Туған жерінде өзінің мемлекетінің туын желбіреткен азаматқа ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 458-бабы бойынша мемлекеттік туды заңсыз пайдаланды деген айып тағылды. Сомасы 396 400 теңге болатын айыппұл салынды. Заңның аты-заң. Бұл оқиғаға қатысты біржақты пікір айтудан аулақпыз. Біреуді жақтап, біреуді даттау біздің құзырымыздағы дүние емес. IMG_7701Өзіміз куә болған саяжайдағы өзге елдің Туына қатысты Қостанай облыстық прокуратурасына хат жолдадық. Әзірге тиісті органның жауабын күтудеміз.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

You may also like...

3 Responses

  1. Қанағат айтты:

    Кейбір адамдар әртүрлі елдердің Туларын көліктеріне дейін тағып алады. Бұл өзі дұрыс па? Мемлекет тарапынан қадағалануы керек қой. Ту дегеніміз ойыншық емес. Ол елдіктің белгісі іспеттес нышан.  

  2. Мейірxан айтты:

    Оларды тауып, заңға қатысты жазалау керек. 

  3. Әділ айтты:

    Мұны ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНДАРҒА сеніп тапсырдық енді… Бұдан басқа амал бар ма?! 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓