Жазғы маусым ашылды
Лисаков қаласында туристік көпсайыс бойынша табиғи рельефтен облыстың дәстүрлі чемпионаты мәреге жетті. «Турзим нашақорлыққа қарсы» деген ұранның аясында ұйымдастырылған спорттық шараға жеті команда қатысты. Екі күн бойы командалар «Эстафета», спорттық бағдарлау және «кедергілер алабы» тәрізді қашықтықтарда бақ сынасты.
Нәтижесінде алаң иелері-Лисаков қаласының командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алса, Қостанайдан барған «Партизан» командасы екінші орынды еншіледі. Ал жүлделі үшінші орын «Перевал» командасына бұйырды.
Жасөспірімдер арасында бірінші орынды Сарыкөл, екінші орынды Қостанай және үшінші орынды лисаковтықтар жеңіп алды.
Жарыс қортындысы бойынша облыс құрама командасы жасақталды. Олар енді алдағы тамыз айында Павлодар қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысатын болады.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Станислав Левченко