Жас велосипедшілер жарысы

«Абайла, жаяу жүргінші!» республикалық акциясы шеңберінде Қостанай облысының ІІД қызметкерлері «Қауіпсіз дөңгелек» атты сайыс өткізді. Бәсекелестікте қаланың 30 білім ошақтарының оқушылары қатысты.Четырнадцатилетний Рустем КОМПЫШЕВ также безошибочно справился с трассой.
Бірер күн бұрын Пешков ауылында кәмелеттік жасқа жетпеген, яғни 5 жасар велосипедшіні «Зил» көлігінің жүргізушісі кері шегініс жасау барысында қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бала мерт болыпты. Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Юрий Панасенконың мәлімдеуінше, жыл басынан бері облыс көлемінде, кәмелетке толмағандардың қатысымен, 23 жол көлік ережесі болыпты. Жол апатында 21 жеткіншек пен 2 жасөспірім жан тәсілім еткен.
Сондықтан бұл сайыстың өткізілуінің мәні бар. Балалардың оқыс оқиғаға тап болмауына ықпал етер деген мақсатпен, полицейлер аталған велосипед жарысын автоқалашық аймағында өткізді. Бұл шара балалардың шынайы өмірде жол үстінде сақтықпен жүрулеріне сабақ іспетті болғандай. Олай дейтініміз, велосайыс жолдарына кәдуілгі жолда кездесетін кедергілерді құрастырып қойған. Қатысушылар велосипедте келе жатып, ұшырасқан тосқауылдардан аман өту үшін дұрыс шешім қабылдаулары керек болды. Мәселен, сайыстың ең жас қатысушысы, 2-сынып оқушысы Әсем Сәрсенбаева қиын трассадан сауатты өткендердің алғашқысы болды. Бұны ұйымдастырушылар 7 жасар қыз үшін жақсы нәтиже деп бағалады. Ал, Әсем осы жасына қарамастан ЖЖЕ олимпиадаларына екінші жыл қатарынан қатысуы екен. Төрешілер көңілінен шыққан оқушылар көп болды.Самая юная участница конкурса второклассница Асем САРСЕНБАЕВА  пропускает пешехода
Жарыс қорытындысы бойынша, ең үздік велосипедшілер деп №19 мектептің оқушылары танылды. Екінші орынға С.Мәуленов атындағы гимназия лайықты саналса, №7 және №30 орта мектеп командалары үшінші тұғырдан көрінді. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан жүлделер мен мақтау қағаздары табыс етілді.
 
                                                                                                                                   Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓