Жанкелдиндегі егін егу науқаны
Жангелдин ауданы бойынша өткен жылы шаруа қожалықтары 18 336 гектар жерге егін себсе, биылғы жылғы егістік көлемі 20 224 гектар. Өсім 106,3 пайызға артып отыр. Оның ішінде бидай – 18 666 га, арпа – 400 га, майлы дақыл – 800 га, картоп дақылы – 80 га, көкініс – 37 га, бақша дақылдары – 107 гектар жерге себілді.
Көктемгі егін егу жұмыстарына 281 тонна арзандатылған жанар – жағар май бөлінген. Қазіргі таңда 230,6 тоннасы тасылып алынған. Егістік жерлерді парға жыртуға 3 мың гектар жер белгіленген. Егін себу және күзгі егін ору жұмыстарына “Продкорпорация” акционерлік қоғамынан 27,0 млн теңге 9 шаруа қожалықтарына бөлініп, құжаттар толығымен тапсырылғандығы жөнінде және егіс жұмыстарына 1700 тонна бидай тұқымы дайындылып, толығымен анализдік сараптамадан өткендігін кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Құлетов мәлімдеді.
Бүгінгі күні аудан алқабына 3 200 гектар бидай, 7 га картоп, 5 га көкініс, 9 га бау бақша өнімдері себілген Жалпы алганда 20,5% жерге тұқым себілді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы