Көрмеге қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті

Тынық мұхиты альянсының мемлекеттері – Чили, Мексика, Перу, Колумбия мен Барбадос «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады. Демек, көрмеге қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті.экспо 2017
Көрмеге қатысатындығын енді растаған  мемлекеттердің пікірінше, оның «Болашақ энергиясы» тақырыбы Тынық мұхиты альянсы мемлекеттері үшін өзекті. Өйткені, онда баламалы энергия көздерін пайдалану мүмкіндігін белсенді түрде зерттелуде. Мысалы, тау-кен өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан Чили мемлекеті күн және жел энергиясын жиі пайдалануға көшуде. Сонымен қатар, Перу – гидроэнергетикалық ресурс, табиғи газ, газдық конденсат қорының мейлінше мол екендігіне қарамастан күн, жел және геотермалды энергияны пайдалану саласын жетілдіруде. Колумбия – күн энергиясы негізінде өз автокөлігін шығарған мемлекет, оның сондай-ақ, баламалы энергия көздерін дамыту бойынша ауқымды әлеуеті бар. Мексика – мұнайөндіруші мемлекет әрі энергияның жаңа көздерін табуда белсенді іздестірулер жүргізуде.
Аталған өңірде БЭК (ВИЭ) өндіруде әлемдік лидер танылған – Коста-Рика да орналасқан. Олар баламалы энергия көздерінің 90 пайызын пайдаланады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓