«Кітап әлеміндегі өмір»

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты Нәзира Дәулетованы еске алуға арналған республикалық теориялық конференция өткізді.
IMG_1928IMG_1930 "Кітапхана әр заманда да, әр қоғамда қай халықтың да қасиетті құттыханасы, рухани қазынасы саналған" деп кітапхана ісіне жоғары баға беріп кеткен тұлға жайында жиналғандар жылы лебіздерін білдірді. Жерлесіміз Нәзира Қожахметқызы несімен елдің есінде қалды. Сарыкөл жерінен шыққан қазақ қызы еңбек жолын А.С.Пушкин атындағы Қазақ КСР мемлекеттік кітапханасының әдістемелік кабинетінің қатардағы қызметкерінен бастады, 20 жылдан астам уақыт бойы (1963-1987 жж.) осы кітапхананың директоры болды. Кітапхана қабырғасында істей жүріп тұлға және жоғары білікті маман ретінде қалыптасты, Отаны мен жанына жақын жұмысына адал қызмет етті. Шығармашылықпен жұмыс істеген 40 жыл ішінде ол Қазақстандағы кітапхана ісінің дамуына орасан зор үлес қосты. Нәзира Қожахметқызы кітапхананың жаңа ғимаратының тұрғызылуына жетекшілік етті және оған тікелей қатысты. Жинақтарда, журналдар мен газеттерде кітапхана тарихы мен республикадағы кітапхана ісі жайындағы мақалалары тұрақты жарияланып тұрды, түрлі кітапханалық жиындарда бірнеше рет баяндама жасады. Ол үкіметтің ең жоғары марапатына ие болып, Ленин орденімен марапатталды, Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы атағына ие болды. Ол Қазақстандағы жоғары білікті маман және ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілік қасиеті мол кісі ретінде танымал, кеңес үкіметі құрамында болған елдер мен Еуропа, Азия, Америка және Африка елдеріндегі әріптестері арасында бедел мен құрметке ие.
 
Айтолқын Айқадамова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓