Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы жолында
Департамент кампанияның шеңберінде бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің, кеден саласы қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысын өткізді деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өйткені, интеграциялау, инвестициялық климатты жақсарту, сыртқы сауда қарым-қатынасты, көлік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, әкімшілік рәсімдерді оңайлату және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы жолында, кеден органдары қызметінің маңызды бағытының бірі болып табылады. Отырысқа қатысушылар Кеден одағы және БЭК аумағында жұмыс жасайтын кәсіпорындар, бизнес-қоғамдастықтар өкілдері интеграциялау шараларының пайдасын және басымдылығын сезді. Оған халықаралық транзит көлемінің, шекаралық сауданың өсуі және кәсіпорындардың кооперациялық кеңеюі куә. Бұл өзара саудада бизнес шығындарының азаюына ықпал етеді. Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы ішкі шекарада кедендік бақылаудың болмауы Кеден одағының аумағы арқылы тауарлардың транзиттік тасымалдауды айтарлықтай жеңілдетті. Мәселен, кеден одағының елдерімен Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қорытындылары бойынша 24,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 29% артық. 2007-2013 кезең ішінде Қазақстанның Ресейге жіберілетін экспорты 24,6% ұлғайды. 2009 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасының Кеден одағы бойынша серіктестермен саудасының көлемі 2013 жылы 88,3% пайызға өсті, яғни екі есе. Өзара сауда айналымының өсуі сондай-ақ жалпы сыртқы сауда қызметінде де қолайлы көрсеткіштерге ие болды. Қостанай облысында алдын ала ақпараттандыру рәсімін енгізу, электронды декларациялау, уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамыту бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Нәтижесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кедендік бақылау сапасының жақсаруына және кедендік операциялардың оңайлатылуына қол жеткізу сөзсіз болатыны анық. ҚР кеден қызметі әкімшілік тосқауылдарды азайту, елдің транзиттік әлеуетінің ұлғаюы, кедендік рәсімдердің айқындылығы және тауарлар контрабандасының жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуде өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Айтолқын Айқадамова