Қырылған киіктер саны артты

Қостанай облысында жаппай қырылған киіктердің саны мыңнан асты. Бүгінгі күні бұл дерекі бойынша облыс әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінде аумақтық және республикалық өкілдерден жасақталған штабтар құрылды._55G0183
Бүгінде мамандар су, топырақ және биологиялық материалдардың сынамаларын алып жатыр. Киіктердің қырылу себептерін анықтау үшін мерт болған жануарлардан патматериалдар алынуда. Олар  республикалық ветеринариялық зертханаға жолданды. Алдын ала нәтижелер бір аптадан кейін дайын болмақ.
Киіктердің жаппай қырылу дерегі аймақта соңғы рет Жангелді ауданында 2012 жылдың маусым айында тіркелген еді. Ол кезде 926 киік пастереллез жұқпалы ауруынан мерт болды. Мамандардың алдын ала сараптамасы үш жыл бұрын болған жағдаймен ұқсастықты анықтады. Қыстан әлсіреп шыққан жануарлар инфекциялық ауруларға бейім болып, төлдеу кезінде мерт болған.
 
Махаббат Бекбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓